Түркістанда 2500 үміткер қатысқан «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 2500 үміткер қатысқан «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Түркістан облысында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Білімділер додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті.

Аталған жоба – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Финалдық кезеңге іріктелген үздік 3 команда қатысып, өзара бәсекеде бақ сынады.

Финал барысында қатысушылар терең білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жоғары дайындықтарын айқын көрсетті. Әрбір кезең тартысқа толы өтіп, әр сұрақ шешуші сәтке айналды. Қатысушылар жылдамдық пен дәлдікті ұштастыра отырып, командалық үйлесімділіктің жоғары деңгейін танытты.

Тартысты дода қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Атап айтқанда, Сайрам ауданының «IQ Elite» командасы I орынды жеңіп алды. Екінші орынға Алматы қаласынан келген «A team» командасы ие болса, ал үшінші орынды Келес ауданының «Keles Oilap» командасы еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы марапаттап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар ойын барысында ерекше белсенділік танытқан бірқатар командалар мен қатысушылар арнайы номинациялармен және ынталандыру қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетсек, «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жастардың дамуына серпін беретін ірі жобалардың бірі болмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...