Тәуелсіздік ұрпақтары: Өзіңе сен, жоба ұсын, грант ұтып ал! — Xnews — ақпарат агенттігі

Тәуелсіздік ұрпақтары: Өзіңе сен, жоба ұсын, грант ұтып ал!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі — грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.

Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
• «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
• «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
• «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
• «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
• «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
• «Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
• Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
• 2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
• Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
• 3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
• Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
• Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

x

Check Also

Шымкентте тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалада тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен ...

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...