Шымкент: Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпықалалық Тазалық күні ұйымдастырылды. Экологиялық шара Сәуле шағын ауданында өтті.

Сенбілікке шамамен 500-ге жуық адам қатысты. Іс-шараға аудан тұрғындары, коммуналдық сала қызметкерлері, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары және әскери бөлімнің жеке құрамы белсенді атсалысты. Жүзге жуық әскери қызметші қаланың жасыл белдеуін қоқыстан тазарту жұмыстарына қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында 50 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындары жойылып, ұзақ уақыт жиналған тұрмыстық қалдықтар толық шығарылды. Бұл жұмыстарға 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

#ТазаҚазақстан
#ТазаОрта
#ТазаШым
#Шымкент2026

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...