«Нашақорлық – ғасыр дерті»: Түркістанда жастармен маңызды кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Нашақорлық – ғасыр дерті»: Түркістанда жастармен маңызды кездесу өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен «Салауатты сана» жобасы аясында жастармен диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру.

Кездесуді Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова жүргізді.

Диалог алаңында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марат Бимаханов, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КММ дәрігері Досхан Шалапов, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаев баяндама жасады.

Іс-шара барысында қоғамдық келісім мен жастар тәрбиесіндегі маңызды бағыттар қозғалып, есірткі қылмысының алдын алу, заң талаптары мен жауапкершілік түсіндірілді. Сонымен қатар нашақорлықтың адам ағзасына зияны туралы кеңінен айтылып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі талқыланды.

Шара аясында арнайы реалити қойылым арқылы есірткі қылмысының салдары көрсетілді.

Кездесу барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Айта кетейік, Аналар кеңесі «Жасыл сертификат» жобасы аясында дәріханаларға мониторинг жүргізіп, тәуелділік тудыратын препараттардың заңсыз сатылуына жол бермеуді көздеп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...