Мемлекет Басшысы жалпы ұлттық телекөпір аясында Шымкенттегі Tomorrow School жұмысын іске қосты — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет Басшысы жалпы ұлттық телекөпір аясында Шымкенттегі Tomorrow School жұмысын іске қосты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалпы ұлттық телекөпір аясында Шымкент қаласындағы Tashenev University базасында Tomorrow School жұмысын іске қосты. Ашылу салтанатына Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов және Tashenev University Басқарма төрағасы Оңалбай Аяшев қатысты.

Tomorrow School жобасының басты ерекшелігі – қолжетімділігі мен практикалық бағыты, яғни, мұнда оқу – тегін. 18 жастан асқан жастарға, соның ішінде IT саласында алғашқы қадам жасаған шәкірттерге арналған.

Оқудың соңында халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі, ал бағдарламалар нақты нарық сұранысына негізделген тәжірибелік кейстер арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы 7 күннің өзінде университет студенттері мен өңірдегі басқа да жоғары оқу орындарының студенттерінен 150-ден астам өтінім келіп түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...