Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі⁣⁣ — Xnews — ақпарат агенттігі

Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі⁣⁣

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ашық есік күні өтті.⁣⁣
⁣⁣
Экскурсия барысында студенттер көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтермен танысты. Әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсетті. Іс-шара бағдарламасы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі қызметтің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтыды.⁣⁣

Қонақтарға бақылау-өткізу пункті, саптық алаң көрсетіліп, әскери қызметтің атқарылу тәртібі түсіндірілді. Студенттер казарма ғимараттарын, оқу сыныптарын аралап, қару-жарақ үлгілерімен және оларды пайдалану ережелерімен танысты, сондай-ақ әскери киім үлгілерін көрді.⁣⁣

Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – қаруды қолмен ұстап көріп, оны бөлшектеу мен жинақтауды өздері орындау мүмкіндігі болды.⁣⁣

– Бүгін біз колледж студенттерімен бірге әскери бөлімге танысу мақсатында келдік. Бұл сапар өте танымдық болды, себебі біз бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірін көрдік. Армия – шыдамдылық пен тәртіптің нағыз мектебі, ол әрбір жас үшін үлкен тәжірибе береді, – деді «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Жандарбаева.⁣⁣

Іс-шара соңында қонақтар сарбаздар асханасында түскі ас ішті. Бұған дейін оларға тағамдардың қандай өнімдерден дайындалатыны және әскери қызметшілердің ас мәзірі қалай жасақталатыны көрсетілді.⁣⁣

Заманауи әскери қызмет жағдайлары студенттерді өзінің ұқыптылығымен және жайлылығымен жағымды таңғалдырды. Отан қорғаушы мамандығы туралы жарқын әсерлер адам жадында ұзақ сақталып, патриоттық рухтың, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді.⁣⁣

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...