Түркістан: Сарыағаш ауданында референдум күні суретшілер байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сарыағаш ауданында референдум күні суретшілер байқауы өтті

Сарыағаш ауданындағы №653 дауыс беру учаскесінде жалпыхалықтық референдум аясында суретшілер байқауы ұйымдастырылды.

Шара — елдің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызын кеңінен дәріптеп, жастардың патриоттық рухын арттыруға бағытталды. Жарысқа қатысқан суретшілер Мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін түрлі көркем туындыларын ұсынды. Дауыс беруге келген тұрғындар көрмені тамашалап, ерекше әсер алды. Байқауға қатысқан азаматтарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, шара барысында жастарға патриоттық тақырыптағы шеберлік сабақтары өткізілді. Бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы облыстағы дауыс беру учаскелері ең көп аудандар қатарында. Аудандағы 82 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, жұмыс істеп тұр. Тұрғындар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралар халықты патриоттыққа тәрбиелеуге, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдық бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...