Түркістан: Сайрамда мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сайрамда мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов дауыс берді

Сайрам ауданындағы №608 сайлау учаскесіне мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов келіп, дауыс берді. Ол референдумға қатысу арқылы азаматтық белсенділігін көрсетіп, халыққа саяси науқанға жауапкершілікпен қараудың үлгісін танытты. Сонымен қатар, референдумның маңыздылығы туралы пікір білдіріп, әрбір азамат елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласу керектігін атап өтті.

«Референдумға келіп, өз таңдауыңды жасау — елдегі әр азамат үшін маңызды болуы қажет. Әр дауыс маңызды, әр адамның пікірі есепке алынады. Елдің бірлігі мен дамуы — біздің қолымызда, сондықтан барлығымыз өз таңдауымызды жасаудан қалыспауымыз керек. Сайрам ауданындағы тұрғындар да өз таңдауларын жасап, елдің дамуына өз үлестерін қосуды жалғастыруда. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі деп білемін. Тағы бір маңызды қыры – референдум елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтады. Сондай-ақ референдум азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституция мен заңдарда көрсетілген бұл құқықты пайдалану – әр адамның өз мемлекетіне деген жауапкершілігін көрсетеді», — деді Розақұл Халмұрадов.

Айта кетсек, Сайрам ауданы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 85 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда 134 219 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...