Түркістан: Қазығұртта социалистік еңбек ері Төле Ағабеков дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қазығұртта социалистік еңбек ері Төле Ағабеков дауыс берді

Қазығұрт ауданындағы №307 дауыс беру учаскесінде Социалистік еңбек ері Төле Ағабеков өз дауысын берді. Ол ел тарихында елеулі еңбегімен танылған азамат. Ақсақалдың референдумға қатысуы — жастар мен тұрғындарға азаматтық жауапкершіліктің, қоғамға деген белсенділіктің үлгісі болды.

«Референдум – халықтың мемлекеттегі аса маңызды мәселелер бойынша өз еркін тікелей білдіретін демократиялық тетіктердің бірі. Сондықтан референдумға қатысу әр азаматтың азаматтық жауапкершілігін, ел тағдырына деген бей-жай қарамайтын көзқарасын көрсетеді. Бұл – тек дауыс беру ғана емес, қоғамның болашағына әсер ететін шешім қабылдау үдерісіне белсенді араласу деген сөз. Демократиялық мемлекетте биліктің қайнар көзі – халық. Ал референдум сол халықтың өз еркін тікелей білдіруіне мүмкіндік береді. Әр азаматтың берген дауысы елдегі маңызды өзгерістерге, заңнамалық бастамаларға немесе мемлекеттік саясаттың бағытына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Әрбір азаматтың пікірі маңызды, белсенді қоғам ғана тұрақты әрі дамыған мемлекет құра алады. Сондықтан референдумға қатысу – болашаққа жасалған жауапты қадам», — деді Төле Ағабеков.

Жалпы Қазығұрт ауданында 60 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 64 473-ті құрайды. Барлық учаскелер таңғы сағат 7:00-ден бастап өз жұмысын бастап, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...