Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті қауым!
Ардақты ағайын!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін аса қадірлі мереке – Ораза Айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза Айт – сабыр мен шүкірдің, кешірім мен мейірімнің мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жасалған игі амалдардың қорытындысы іспеттес бұл күн – адамдарды бір-біріне жақындатып, жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. Жүректі тазарту, ренішті ұмыту, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – Айттың басты құндылықтарының бірі.

Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілеймін. Жасаған әрбір игі істеріңіз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман болып, мемлекетімізде әрдайым бірлік пен келісім салтанат құрсын.

Ораза Айт құтты болсын!
___________________________

Поздравление акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова с праздником Ораза айт

Уважаемые сограждане!
Дорогие земляки!

От всей души поздравляю вас со священным для всех мусульман праздником — Ораза айт!

Ораза айт — это праздник терпения и благодарности, прощения и милосердия. Этот день, являющийся итогом благих дел, совершенных в священный месяц Рамазан, сближает людей, призывает к состраданию и благотворительности. Очищение сердец, прощение обид и помощь нуждающимся — одни из главных ценностей этого праздника.

В этот знаменательный день желаю каждому дому благополучия, изобилия и процветания. Пусть будут приняты все ваши добрые деяния и пожелания! Пусть в нашей стране всегда царят мир, единство и согласие.

С праздником Ораза айт!

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...