Түркістан облысында референдум күні әлеуметтік желіде челлендж басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында референдум күні әлеуметтік желіде челлендж басталды

Түркістан облысында 1 187 257 азамат референдумда дауыс беру құқығына ие.

Бүгін 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап өңір бойынша 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Референдум күні өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде арнайы челленджді қолға алды. Азаматтар дауыс беру сәтінен фото және бейнежазбаларын #МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым хештегтерімен әлеуметтік желіде жариялап жатыр.

Бұл бастама тұрғындарды маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Әлеуметтік желідегі челлендж арқылы көптеген тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...