Түркістан облысында алғашқы дауыс берушілерге Абай Құнанбаевтың кітаптары табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында алғашқы дауыс берушілерге Абай Құнанбаевтың кітаптары табысталды

Сайрам ауданында орналасқан №533 референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың кітаптары табысталды.

Бұл бастама тұрғындарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақ әдебиетінің классикалық мұрасымен жақынырақ таныстыруға бағытталған. Сайрам аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәбит Аппазұлының айтуынша, референдум күні дауыс беру учаскелерінде мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып, келушілерге кітаптар таратылуда. Оның сөзінше, мұндай шаралар азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, рухани құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды. Дауыс беру учаскелері ең көп орналасқан өңірлердің қатарында Сайрам ауданы — 89, Сарыағаш ауданы — 82, Жетісай ауданы — 75, Төлеби ауданы — 69 және Түркістан қаласы — 65. Референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...