21 наурыз күні Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Қаладағы алты бірдей ірі алаң мен саябақтарда ұйымдастырылған думанды кештер тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Кешкі сағат 19:00-де Астана алаңында өткен гала-концерт мерекенің шарықтау шегіне айналды. Іс-шара аясында жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетті.⠀
⠀
Астана алаңында өткен гала-концертте жергілікті өнер жұлдыздары және хедлайнерлер TURAR мен Kalifarniya қатысып, көпшілікке ерекше бағдарлама ұсынды.
Мерекелік кеш әсерлі әрі эксклюзивті отшашумен қорытындыланып, Наурыз мейрамының сәнін келтірді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары