Шымкентте “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы өтті

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында Шымкент қаласының Алтынтөбе тұрғын алабында Наурыз мерекесіне орайластырылған Тазару күні аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

«Тазару күні» қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, ортақ жауапкершілікті сезінудің белгісі. Акция барысында Бөржар Бастау бұлағының бастауы тазартылып, айналасы абаттандырылды, санитарлық тазалық жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты.

Айта кету керек, «Мөлдір бұлақ» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланың қоршаған ортасын жақсартуға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
_______________________________________

В Шымкенте состоялась экологическая акция «Мөлдір бұлақ»

В рамках реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан» в Шымкенте, в жилом массиве «Алтынтөбе» прошла экологическая акция «Мөлдір бұлақ», приуроченная к празднованию Наурызнама — «Тазару күні».

«Тазару күні» символизирует объединение общества в стремлении к чистоте и бережному отношению к природе. В ходе акции были очищен родник «Бөржар Бастау», приведена в порядок и благоустроена прилегающая территория и проведена санитарная уборка.

В мероприятии приняли участие вице-министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Ерболат Ибрайханов, аким города Габит Сыздыкбеков, представители общественности и волонтёры.

Стоит отметить, акция «Мөлдір бұлақ» стала важным шагом не только в укреплении экологической культуры, улучшении состояния городской среды, но и объединила жителей, показав важность совместных усилий в заботе о чистоте и окружающей среде.

Пресс-служба акима города Шымкент

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...