Шымкентте 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік бағдарлама ана тақырыбына арналған театрландырылған қойылыммен басталды. Қойылымды Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры мен Шымкент қалалық жастар театрының әртістері сахналады. Көрермендерге ұсынылған сахналық туынды ананың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін айшықтайтын әсерлі көріністермен ерекшеленді.

Концерттік кештің көркемдік бағдарламасын «Қазына» би ансамблі, Шымкент опера және балет театрының хоры және «Қаратау» фольклорлық ансамблі толықтырды. Өнер ұжымдары көрермен назарына ұлттық және заманауи бағыттағы музыкалық-хореографиялық нөмірлер ұсынды.

Сонымен қатар, мерекелік кешке қазақстандық эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, Әділет Жауғашар және Астана Қарғабай қатысып, аналарға арналған әндерін орындады.

«Әлемді тербеткен ана…» атты мерекелік концерт аналарға деген құрмет пен ізеттің белгісі ретінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...