Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтауы — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын әрі шынайы халықтық мереке табиғаттың жаңаруын, жаңа өмір кезеңінің басталуын, бейбітшілік пен келісімнің және жасампаздықтың салтанат құруын білдіреді. Тамыры терең тарихтан бастау алатын Наурыз ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптейді. Сондай-ақ ізгі іс пен жаңа жетістіктерге жетелейді.

Бұл күні үлкенге құрмет, жақынға қамқорлық, өзара қолдау пен бірлік сияқты мәңгілік құндылықтардың маңызы арта түседі. Наурыз жүрегімізге жылулық сыйлап, ертеңге деген сенімді күшейтеді және қоғамдағы үйлесімге ұмтылуға үндейді.

Қаламыз жыл сайын көркейіп, жайлы әрі заманауи болып келеді. Жеткен жетістіктердің барлығы – тұрғындардың бірлескен еңбегі, жауапкершілігі мен жанашырлығының нәтижесі. Дәстүрді сақтай отырып, алға ұмтылу арқылы қаламыздың әл-ауқаты мен тұрақты дамуын одан әрі нығайта беретінімізге сенімдімін.

Наурыз әр шаңыраққа тыныштық, қуаныш, береке мен молшылық әкелсін! Сіздерге зор денсаулық пен бақыт тілеймін!

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...