Референдум: Шымкентте ерекше жандарға инватакси мен арнайы қызметтер ұйымдастырылған — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Шымкентте ерекше жандарға инватакси мен арнайы қызметтер ұйымдастырылған

Шымкент қаласында жалпыхалықтық референдумға қатысатын мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы жабдықталған 38 инватакси қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, 7 жеңіл көлік резервке қойылған.

Қалада жалпы 42 915 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бүгінгі референдумда олардың 19 мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие.

«Шымкент қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің» операторы Құттыбай Мейіржан Мадиарұлы Қаратау ауданындағы сайлау учаскесіне арнайы жабдықталған инватакси арқылы келіп, өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесінде 1480 сайлаушы тіркелген.

Оның айтуынша, инватакси қызметі ерекше жандардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

– Ерекше жандардың қоғамда белсенді болуы үшін инватакси қызметінің маңызы зор. Бүгін осы көлік арқылы келіп, азаматтық ұстанымыма сай референдумда өз таңдауымды жасадым. Сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы кабинка да дайындалыпты. Сол жерде дауыс бердім, – деді Мейіржан Мадиарұлы.

Айта кетейік, жалпыхалықтық референдум барысында мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін 65 сурдоаудармашы да қызмет атқаруда.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...