Референдум: Ордабасыда «Әр дауыс — болашаққа артылған үміт» атты акция ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Ордабасыда «Әр дауыс — болашаққа артылған үміт» атты акция ұйымдастырылды

Ордабасы ауданында референдум күніне орай №455 дауыс беру учаскесінде ерекше символикалық акция ұйымдастырылды. Онда дауыс беруге келген әрбір азаматқа тал мен гүл көшеттері табысталды. «Әр дауыс – болашаққа артылған үміт» атты бастама — азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын білдіруді мақсат етеді. Әрбір отырғызылған көшет пен егілген гүл тұқымы – жаңа өмірдің, жаңарудың және дамудың белгісі.

Акцияның басты мақсаты – дауыс беру арқылы әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосатынын көрсету. Бүгін берілген дауыс пен отырғызылған көшет уақыт өте келе өсіп, болашаққа деген үміт пен сенімнің символына айналды. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға және табиғатты аялауға шақырады.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында республикалық референдумға байланысты 53 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Аудан бойынша жалпы халық саны – 134 000 адам. Ал референдумға қатысуға құқылы дауыс берушілердің жалпы саны – 72 890. Референдумды өткізуге 366 комиссия мүшесі жұмылдырылған. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...