Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінде орналасқан №293 референдум учаскесіне 100 жастан асқан қария Халық Әрипов келіп, өз таңдауын жасады.

Ғасыр жасаған ақсақалдың референдумға арнайы келіп дауыс беруі – жас ұрпаққа үлгі боларлық іс. Қария жиналған көпшілікке ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен бірлігін, берекесі мен ынтымағын тіледі. Сондай-ақ, елдің болашағы жарқын болып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін деген ізгі тілегін білдірді. Көпшілік қарияның белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, оны кейінгі буынға өнеге екенін атап өтті.

Бүгін Қазығұрт ауданы аумағындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Қазығұрттықтар науқанның маңызын сезіне отырып, өз таңдауларын жасауда. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 64 473 адамды құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...