Президент: «Шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады» — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент: «Шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады»

«Қазір Түркістан облысында 700 мыңға жуық жас азамат тұрады. Бұл – тұрғындардың үштен бірі деген сөз. Киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын болады деп сенімді түрде айтуға болады.

Осы көп жас азаматтарымыз тұратын жерде тағы да мынадай сөзімді айтқым келеді: мен Президент ретінде еліміздің жастарына, олардың біліміне, қабілетіне, күш-қуатына зор үміт артамын.

Елімізге жаны ашитын, яғни шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады. Еліміздің келешегі – отаншыл, жасампаз, жауапкершілігі мол жастардың қолында. Бұл да ақиқат десек, орынды болар.

Нағыз отаншыл азамат дегеніміз, бұл – ең алдымен өз жұмысын адал орындап, адал еңбек етіп жатқан адам. Адал еңбекпен келген табыс берекелі болады. Жалқау, еріншек адам ешқашан отаншыл азамат бола алмайды. Қоғамымызға жалаң ұран, бос әңгіме, құрғақ уәде, қызыл сөз керек емес, нақты іс қажет.

Отаншылдық дегеніміз әдемі сөз сөйлеп, жұрт алдында керемет болып көріну емес, бұл – ең алдымен елге пайда әкелу, Отанға деген адалдықты нақты іспен көрсету».

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...