Референдум өткізуге дайындық мәселелері пысықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум өткізуге дайындық мәселелері пысықталды

Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман қалалық мемлекеттік орган өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Жиында 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қазіргі таңда еліміз бойынша республикалық референдумды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген. Кеңес барысында Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары атқарылатын жұмыстардың кезеңдері мен қолданыстағы талаптар туралы кеңінен баяндады.

– Шымкент қаласында 695 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Референдум барысында азаматтарға қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы бағыттағы дайындық мәселелерін пысықтау үшін жиналып отырмыз. 27 ақпаннан бастап азаматтарды референдумға шақыру және ақпараттандыру жұмыстары басталады. Барлық тұрғын үйлер мен пәтерлерге шақыру қағаздары таратылады. Сонымен қатар мобильді байланыс операторлары арқылы СМС-хабарламалар жіберіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етіледі, – деді Мұхтар Тілдәбекұлы.

Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Әшірбеков қалада референдум өткізуге дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, шаһарда тиісті ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Осы мақсатта жергілікті штаб құрылып, жұмысын бастаған.

Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жауапты мекемелермен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жиын қорытындысында тараптар референдумды заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өткізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...