Қорғаныс министрлігінде «Әскер аруы – 2026» фотобайқауының жеңімпазы анықталмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Қорғаныс министрлігінде «Әскер аруы – 2026» фотобайқауының жеңімпазы анықталмақ

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі «Әскер аруы» фотобайқауы басталды.

Байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, армияның жағымды бейнесін қалыптастыруға және еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесін көрсетуге арналып отыр.

Биылғы фотобайқауға Қарулы күштердің түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 40-тан астам әскери қызметші әйел қатысып жатыр. Байқауға қатысушы қыз-келіншектер әскери қызметті жеке және кәсіби дамумен табысты үйлестіріп келеді. Оларды бастамашылдық, біліктілік және жоғары жауапкершілік қасиеттері ерекшелейді.

Дауыс беру 2026 жылғы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. «Ұнайды» белгісін көп жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада өтеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын ...