Көкбұлақта тұрғындармен кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Көкбұлақта тұрғындармен кездесу өтті

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында жергілікті халықпен мазмұнды кездесу өтті. Тұрғындардың өтініші негізінде салынған жаңа мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында ел дамуы, Ата Заңның мән-маңызы және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі кеңінен талқыланды.

Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов жиналған қауымға жаңа Конституцияның басты қағидаттарын жан-жақты түсіндірді. Ол Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға айрықша басымдық берілгенін атап өтті. Сонымен қатар сапалы білім беру, ғылым мен технологияны дамыту, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары екеніне тоқталды. Жастардың ғылым мен спорт салаларындағы жетістіктері ел таңдаған стратегиялық бағыттың өміршеңдігін айқындайтынын айтып, олардың әлеуетіне сенім білдірді.

Кездесу барысында білім беру жүйесіндегі дін мәселесі де қозғалды. Тұрғындар мектептердегі дінтану пәнінің мазмұнына қатысты сауалдар қойды. Бахадыр Нарымбетов дінтану пәні дінді ғылыми тұрғыда таныстыратынын, ал діни ілім үйрету бөлек бағыт екенін нақты түсіндірді. Сондай-ақ Қазақстан мектептері зайырлылық қағидатын ұстанатынын және білім беру үдерісінде діни уағыз жүргізілмейтінін атап өтті.

Саяси жаңғырумен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы да жүйелі жүзеге асуда. Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді еркін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін нақты жауаптар алды. Кездесу қорытындысы оң серпінмен аяқталды. Аудан тұрғындарының қоғамдық өзгерістерге бейжай қарамай, белсенді қатысуы – жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқындайды.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...