Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын – Алматы облысы мәслихатының төрағасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын – Алматы облысы мәслихатының төрағасы

Жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды. Бұл туралы облыс мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы облысы – халық тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер белсенді іске қосылған өңірлердің бірі. Сондықтан, ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуы тиіс «Alatau City» жобасы дәл осы өңірде қолға алынып жатыр.

«Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі қалыптасқан ұғымдар шеңберінен шығып, цифрлық технологиялар деңгейіне дейін көтерілгенін көріп отырмыз. Цифрлық технология қоғамның барлық саласына араласып, күнделікті адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ал жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық саладағы құқығын қорғау міндеті қарастырылғаны – бүгінгі күн талабы екені даусыз», – деді Қуат Байғожаев.

Өз сөзінде спикер азаматтардың өзара хат-хабар алмасу қауіпсіздігі, электронды коммуникация, дербес деректердің қорғалуы сынды мәселелердің қамтылуы жеке өмір құпиясының кепілдігін нығайтып, цифрлық сервистерге деген сенімді күшейтетінін жеткізді.

«Олардың конституциялық деңгейде бекітілуі цифрлық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы әрі қарай дамыту тәжірибесіне берік негіз бола алады. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтар үшін нақты мәселелерден көрініс табуы қарапайым азаматтардың күнделікті өмірде алаңсыз болып, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің күшейтуге әсер етеді», – деді ол.

Сөз соңында Комиссия мүшесі Конституция жобасы жеткілікті пысықталғанын және оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға болатынын айтты.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...