Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, құжаттың негізгі басым бағыттарына кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасында адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғанын атап өтті. Бұл бағыттар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жастардың әлеуетін толық іске асыруға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының Преамбуласына ерекше мән беріліп, онда Қазақстанның тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары мен ұлттық бірегейлігі көрініс тапқаны айтылды.

Жиын барысында Сәрсен Құранбек қолданыстағы Конституция еліміздің қалыптасуы мен даму кезеңінде өз миссиясын толық атқарғанын, ал қазіргі уақытта заман талаптарына сай жаңартылған құқықтық негіз қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында мұндай түсіндіру жұмыстарын өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды. Сәрсен Абайұлы жастарды елін, жерін сүйетін, жауапкершілігі жоғары патриот азамат болуға шақырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында университет оқытушылары да өз пікірлерін білдіріп, Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...