Халықтың басқару ісіне араласуы — Xnews — ақпарат агенттігі

Халықтың басқару ісіне араласуы

Жаңартылған Конституцияда биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы екені нақты бекітіліп, азаматтардың ел басқару ісіне тікелей қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі.

Осы мақсатта халықтың пікірін ескеруге және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталған жаңа институттар мен тетіктер қалыптастырылады. Соның бірі – Қазақстанның Халық Кеңесі, ол азаматтар атынан заңнамалық бастамалар көтеруге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңы ретінде құрылып, қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты күшейтуді көздейді.

Сонымен қатар Құрылтай институтының рөлі айқындалып, 145 депутаттан тұратын бірпалаталы Парламенттің тиімді жұмыс істеуіне негіз қаланады. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын күшейту арқылы демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...