«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының мәлімдемесі — Xnews — ақпарат агенттігі

«Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының мәлімдемесі

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін жалпыхалықтық референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдейді.

Конституция – мемлекеттік биліктің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін және ел дамуының негізгі қағидаттарын бекітетін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи шешімдер дауыс беру үдерісінің толық ашықтығы, заңдылығы және әділдігі жағдайында қабылдануы тиіс.

Біздің басты мақсатымыз – референдумның барлық кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Коалиция жұмысы жүйелі түрде және республика көлемінде ұйымдастырылады. Байқаушыларымыз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап қорытындылар шығарылғанға дейін өз міндеттерін кәсіби, мұқият әрі жауапкершілікпен атқарады.

Қоғамдық сенім сөзбен емес, нақты әрекетпен, заң талаптарын сақтау арқылы қалыптасады. Тәуелсіз бақылау – сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін маңызды тетік.

«ДАУЫС» коалициясы – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлестігі. Әрбір қазақстандықтың дауысы ескеріліп, еркі әділ түрде көрініс табуы – біздің ортақ міндетіміз. Біз осы мақсат жолында еңбек етеміз.

«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын ...