Ата Заңдағы жаңашылдықтар – әділетті қоғамның кепілі — Xnews — ақпарат агенттігі

Ата Заңдағы жаңашылдықтар – әділетті қоғамның кепілі

Шымкентте «Balabi Textile» ЖШС еңбек ұжымымен жаңа Конституциянының мән-маңызын түсіндіру және оның қоғам өміріне тигізетін оң әсерін жан-жақты талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында спикер Ата Заңға енгізілген жаңашыл нормалар ең алдымен адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін, бостандығы мен заң алдындағы теңдігін нақтылай түсіп, әділетті қоғам қалыптастырудың берік құқықтық негізін қалайды. Мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені тағы бір мәрте айқындалды.

Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Отбасы институтын қорғау, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи даму бағытына қадам басу – Конституциядағы маңызды басымдықтардың бірі екені айтылды. Бұл нормалар ел тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға қызмет етеді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Заңгер тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, жаңа Конституцияның күнделікті өмірдегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Ата Заңға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...