Адам өмірі – ең басты құндылық — Xnews — ақпарат агенттігі

Адам өмірі – ең басты құндылық

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған.

Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, жаңа Конституцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде белгіленгені айтылды.

Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов өз сөзінде Ата Заң жобасының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды. Оның пікірінше, жаңа Конституция қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Жиын барысында кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері де өз ой-пікірлерін білдіріп, Конституциялық реформалардың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституцияда адам өмірі мен құқығы ең басты құндылық ретінде айқындалғанын ерекше атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдірді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...