Волонтерлік – экологиялық мәдениет пен әділ қоғам қалыптастырудың негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Волонтерлік – экологиялық мәдениет пен әділ қоғам қалыптастырудың негізі

Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында экологиялық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы еріктілердің рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, экологиялық мәдениет – өркениетті қоғамға тән аса маңызды құндылық, ал волонтерлер бұл бағытта нақты істер атқарып келеді.

Өткен жылы еріктілер «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1300-ден астам іс-шараға қатысып, елді мекендерді көркейту мен табиғатты қорғауға үлес қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр өңірде тұрақты ұжымдар құрудың маңызын атап өтті. Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» қозғалысы ұлттық идея деңгейіне көтерілуі тиіс.

Форум барысында Мемлекет басшысы халықаралық волонтерлік ықпалдастықты кеңейту қажеттігін де айтты. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД аясында еріктілер қозғалысын дамытуға белсенді қатысып келеді. Алдағы уақытта тәжірибе алмасуға және халықаралық бастамаларды үйлестіруге арналған жаңа платформалар құрылмақ.

Президент сонымен қатар конституциялық реформалар туралы сөз қозғап, гуманитарлық құндылықтарды Ата Заңда айқындаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жауапты әрі жасампаз отаншылдық – қазіргі қоғамның басты қағидаттарының бірі. Бұл ұстаным әрбір волонтердің қызметінен айқын көрінеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Заң мен тәртіп үстемдік құрған, Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру – барша азаматтың ортақ міндеті. Осы жолда еріктілер қозғалысы қоғамды біріктіретін басты күштердің бірі болып қала береді.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...