Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген қамқорлықты көремін — Президент — Xnews — ақпарат агенттігі

Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген қамқорлықты көремін — Президент

Қызылорда облысының әр ауылындағы тазалық көз тартады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Нағи Ілиясов және Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүретінін атап өтті.

— Сіздер осы аймақпен қатар күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық, — деді Мемлекет басшысы.

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...