Шымкент: Тұран ауданында тындырымды істер көп — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Тұран ауданында тындырымды істер көп

2025 жылы Тұран ауданында инфрақұрылым, жол, абаттандыру және әлеуметтік жобалар ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды. Ауданның әр шағына тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты істер жеткенін байқауға болады.

Ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,5%-ға жетіп, қалған Айкөл мен Құрсай шағын аудандардағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, 2026 жылы аудан толық қамтамасыз етіледі. Табиғи газбен қамту 85,7%-ға жетіп, қалған аудандарда магистралды қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр жарығы 95,2%-ға толықты, ал кәріз жүйесі де 60% деңгейінде іске асырылып, тұрғындардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік туды.

Жол инфрақұрылымы саласында да серпінді өзгерістер бар: аудан бойынша 1229 көшенің 80%-дан астамы асфальтталған, биыл 36 көшеге 33 шақырым жаңа жабын төселді. Сонымен қатар, аяқ жолдар мен ирригация жүйелері кеңейтіліп, аудандағы барлық көшелер толық жарықтандырылды.

Абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады: 32 жоба іске асырылып, 6 жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, бірнеше демалыс орындары мен гүлзарлар қаланың көркін арттырды. Көп қабатты 20 үй жарықтандырылып, 9 үйге заманауи мурал салынды. Мұның бәрі тұрғындарға жайлы, әдемі және қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Тұран ауданының 2025 жылғы жетістіктері — инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытудағы нақты істер мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған табыстың айқын көрінісі.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...