Этносаралық татулық – тұрақты қоғамның берік негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Этносаралық татулық – тұрақты қоғамның берік негізі

Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі этносаралық татулық: қазіргі мәселелер және болашақ даму бағыттары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Аталған ғылыми алаң этносаралық келісімді нығайту, халықаралық қатынастардағы тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ мәдениеттер диалогын дамытуға арналған өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды. Семинарға отандық және өңірлік жоғары оқу орындарының ғалымдары, сала сарапшылары мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Семинар жұмысына этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және тәрбие саясаты саласындағы білікті мамандар белсенді атсалысты. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғани Бесбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор Гульнар Ботоканова, Шымкент қаласының ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, Шымкент қаласының ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Саипжамал Қорғанова, сондай-ақ ҚР Мәдениет қайраткері, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Азиза Исаева және өзге де ғалымдар мен сарапшылар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

«Этносаралық татулық – қоғам тұрақтылығының басты кепілі. Мұндай ғылыми-практикалық алаңдар білім мен тәжірибені ұштастырып, жастарға келісім мен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді» — деді Қайрат Сапарханұлы.

Семинардың негізгі мақсаты – еліміздің этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін ғылыми тұрғыда талдау, ұлтаралық достық қарым-қатынасты сақтау, мәдениеттер диалогын дамыту, мемлекеттік этносаясат қағидаларын насихаттау және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасында өзара тәжірибе алмасу жүзеге асып, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ даму бағыттары кеңінен талқыланды.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...