Шымкентте халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған бірнеше заманауи жоба іске асып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған бірнеше заманауи жоба іске асып жатыр

Биыл Шымкентте 27 магистральді көшеге 500 мың шаршы метр газон егіліп, суару жүйесі орнатылды. Жалпы 152 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Қошқар ата өзенінің 3,5 шақырым жағалауы абаттандырылды. Көл аймағында лазерлік жарық отты шауды біріктірген және Шымкент Сити саябағында бейнепроекциямен жабдықталған музыкалық фонтандар іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңынд өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, қала орталығындағы ирригациялық арықтардан көптеген жыл бойы су жүрмей, микроклимат бұзылған. Биыл ұзындығы 75 шақырым болатын 13 магистарльді жолдарда ирригациялық жүйелер арқылы су жүргізілді. Қалада ұзақ жыл бойы қоқыс полигоны болған 45 га жерге демеушілер есебінен экосаябақ салу жұмыстары жүріп жатыр. Амфитеатр, жасанды су қоймасы және спорт алаңы мен жаяу жүргіншілер жолдары салынады.

Сондай-ақ шаһар басшысы жасанды интеллекет негізінде жүзеге асып жатқан жобалар бойынша ақпарат берді.

«Өңірде интернет сапасын жақсарту мақсатында соңғы 3 жылда 295 базалық станция орнатылып, 398 станция модернизациядан өтті. Биылдан бастап жасанды интеллектіні дамыту жобалары қолға алынды. Инсультті дәл анықтау жүйесі енгізілді. Медициналық қызметкерлер қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін Смарт-бейнежетон пилоттық жобасы іске қосылды. Білім саласында роботехника бойынша қосымша білім беру орталығы ашылды. Дрондар арқылы қала нысандары бақыланады. Көлік кептелісін азайту мақсатында 331 жол қиылысындағы бағдаршам заманауи интеллектуалды жүйеге қосылды. 4425 бейнебақылау камерасы орнатылды. 350 камера бейнеталдау функциясын атқарады», – деді қала әкімі.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...