Шымкентте алғаш рет – ашық аспан астындағы мұз айдыны — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте алғаш рет – ашық аспан астындағы мұз айдыны

Биыл қыс Шымкентте ерекше қызық болғалы тұр! Қала тарихында алғаш рет Астана алаңында ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылды. Алдағы демалыс күндері осы алаңда екінші мұз айдыны ашылып, белсенді демалысқа қызығатын қала тұрғындарының саны арта түспек.

Қолайлы қысқы демалыс аймақтарын құру бастамасы қала әкімі тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы қысқы демалысты қамтамасыз ету.

Мұз айдындары сапалы мұз, заманауи жарық жүйесі, демалыс аймақтары секілді барлық қауіпсіздік талабына сәйкес жабдықталған және конькилерді жалға беру орындары бар. Жеке инвесторлар қамтамасыз еткен мұздатқыш жабдықтардың есебінен мұз тұрақсыз ауа райында да жақсы сақталады.

Алдағы күндері Арбат және «Мұз сарайының» жанында тағы екі мұз алаңы ашылмақ, осылайша көпшіліктің қысқы демалысына қолайлы аймақтар көбейе түседі. Өз конькиі бар тұрғындар сырғанаққа тегін кірсе, қалған азаматтар конькиді сол жерде жалға ала алады.

Қыс мезгілі баршаға қызықты болуы үшін қала тұрғындарын мұз айдындарының жабдықтарын ұқыпты қолдануға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

«Астана» алаңында үлкен көлемді ашық мұз айдының жалпы аумағы 1700 шаршы метрді (30х60 м) құрайды.

Ашық мұз айдынының жұмыс кестесі:
Жұмыс күндері: 10:00 – 22:00
Демалыс күндері: 10:00 – 00:30

Сеанстар:
I – 10:00–12:00
II – 12:30–14:30
III – 15:00–17:00
IV – 17:30–19:30
V – 20:00–22:00
VI – 22:30–00:30

Сырғанау уақыты – 2 сағат.

Бағалар:
Өз конькиімен кіру – тегін
Конькиді жалға алу (барлық жас санатына бірдей) – 1500 теңге

Бұл жоба Шымкент қаласының тұрғындарына қыс мезгілін белсенді өткізуге, отбасылық демалысты тиімді ұйымдастыруға және спортты жаппай қолдауға бағытталған маңызды бастама болып отыр.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...