Шымкент: Көлік инфрақұрылымы мен өндіріс нысандарының дамуы тексерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Көлік инфрақұрылымы мен өндіріс нысандарының дамуы тексерілді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аумақтарын аралау барысында Тұран тұрғын алабындағы Ақсүмбе көшесін Мұстафа Шоқай көшесінен Қожаберген жырау көшесіне дейін ұзарту барысымен танысты. Жобаны жүзеге асыру Бәйдібек би даңғылындағы көлік жүктемесін едәуір азайтып, көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, әкім иттерге азық шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Компания басшылығы нарық сұранысына сай өнім түрін көбейту жоспарлары туралы ақпарат берді. Әкім өндірістің барлық кезеңінде қауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарын сақтау маңызды екенін атап өтті, ауыл шаруашылығы басқармасына ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп, кәсіпорынның әрі қарай дамуына қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берді.

Жауапты тұлғаларға барлық жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету, жол сапасына бақылауды күшейту және бүкіл учаскеде қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру тапсырылды.

Одан бөлек, Шымкентте жол-құрылыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласының қарқынды дамуы, көлік санының өсуі және жаңа тұрғын алаптардың құрылуы жол-құрылыс инфрақұрылымына жоғары талаптар қойып отыр. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықаралық құрылыс компаниясы “Bazis-A” директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичпен кездесті. Кездесу барысында Байдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысына қатысты ауқымды инфрақұрылымдық жоба талқыланды.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Жоспарлау барысында техникалық талаптар, қала құрылысы нормалары және көлік қозғалысын модельдеу нәтижелері ескеріледі. Кездесу барысында әкім Ғабит Сыздықбеков барлық жауапты қызметтердің үйлесімді және кешенді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...