Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында семинар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында семинар өтті

Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар өтті. Шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру.

Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметкерлер арасына әдеп нормаларының сақталуына зор ықпал етпек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...