Түркістан облысында республикалық «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында республикалық «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Еліміз бойынша биыл 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған шараға облыс көлемінде барлығы 1 024 қызметкер мен 76 мемлекеттік орган және қоғамдық құрылымдардың мүшелері жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің өкілі Дәурен Кемеров мәлімдеді.

«Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2 айда облыс көлемінде көпқабатты және жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар, облыс аумағындағы 812 саяжай алқаптары, 2 316 шаруа қожалықтар мен қыстақтарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ішкі істер органдарының есебінде тұратын мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған — 242, әкімшілік қадағалауда тұратын — 46, ерекше талап белгіленген — 198, қорғау нұсқамасы шығарылған — 414, заңның қолданысына түсетін — 241, жайсыз 541 отбасы мен пробация бақылауында тұратын 1 687 тұлғаның тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жүргізілді. Аймақта есептегі азаматтық қару иелері тұрғылықты жерлері бойынша тексеріліп, сақтау ережесін бұзған және рұқсат мерзімдері аяқталған 124 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай ақ, есірткі сатушылардың көшелер мен үй қабырғаларына QR мекен-жайларын көрсете отырып, жарнамалау арқылы есірткі заттарының таралу жайттары бойынша 83 графити жазбалары анықталды. Жазбалар дер кезінде өшіріліп, осы тектес жайттарды анықтау жұмыстары жүргізілуде» — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...