Түркістан: «Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: «Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті

Түркістан қаласында экологиялық мәдениетті дамыту және қаланы көгалдандыру мақсатында «Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті.

Акцияға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ерікті жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді тұрғындар қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау мен экологиялық сана қалыптастыру бағытында өз үлестерін қосып, бірлесе тал отырғызды.

Шара барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістанның экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен тұрғындардың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, қала басшысы қоғамды «Таза Қазақстан» сынды экологиялық бастамаларды қолдауға шақырды.

Аталған шара барысында Дендросаябақ аумағына 1 500 шұңқыр дайындалып, 900 дана үйеңкі, 300 дана сафора, 200 дана ива және 100 дана туя ағаштары егілді. Жалпы шараға 300-ден астам адам қатысып, экологиялық мәдениетті арттыруға өз қолдауын білдірді.

Айта кетейік, биылғы күзгі маусымда қала аумағында 124 250 түп ағаш отырғызылып, жалпы жасыл желек саны 1 миллион 460 мыңнан асты. Ал жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 30 сенбілік ұйымдастырылды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...