Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдары 179 қылмыстық істі тіркеп, оның 3-ін сотқа жолдады. Ең жиі тіркелген қылмыстар — алаяқтық (63 іс), ұрлық (44), есірткі айналымы (11) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (9).
Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалған: тауар жарнамасы (16), жалған инвестиция (4), өздерін банк не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыру (12), несие рәсімдеу (4), коммуналдық қызмет өкілдері атынан қоңырау шалу (6).
Мысалы, белгісіз адам өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерден 600 мың теңге иемденген.
Сондай-ақ тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу ескертілді. Бір жағдайда азамат өз картасын танысына уақытша беріп, ол арқылы есірткі сатумен айналысқан тұлға есеп айырысқан.
Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.
Полиция тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға, көлік жүргізгенде жол ережесін қатаң сақтауға және балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Шымкентте көлік қозғалысын оңтайландыру шаралары қолға алынды
Қала аумағындағы көше қиылыстарында көлік кептелістерінің алдын алу және жол қозғалысын реттеу мақсатында бағдаршам нысандарына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда:
• Т. Рысқұлов – Жолан батыр көшелерінің қиылысында бағдаршамның қосымша секциясы жасыл түсті «(+)» белгісіне ауыстырылды;
• Д. Қонаев – Тәуке хан даңғылдарының қиылысында оңға бұрылуға арналған қосымша секция орнатылды;
• Бәйтереков – Н. Назарбаев көшелерінің қиылысында Н. Назарбаев даңғылынан оңға бұрылуға мүмкіндік беретін секция қосылды;
• Қ. Қазиев – Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысында солға бұрылуға арналған жасыл «(+)» бағдаршам орнатылды.
Бұл шаралар көлік қозғалысын жеңілдетіп, жолдағы кептелістерді азайтуға бағытталған. Қала әкімдігі тарапынан көлік инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарға қолайлы қозғалыс жағдайын жасау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Шымкентте jerleu.kz порталы іске қосылды
Шымкентте жерлеу рәсімдерін жеңілдету және қызмет сапасын арттыру мақсатында Jerleu.kz онлайн сервисі іске қосылды. Портал арқылы азаматтар жерлеу орындарын тазалау, көгалдандыру, безендіру қызметтеріне тапсырыс бере алады, қабіртастарды аты-жөні арқылы іздеп, зиратқа дейінгі бағытты 2ГИС арқылы таба алады.
Жоба Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, аудан әкімдіктері және «7 АТА» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылып отыр.
Қазіргі таңда қала бойынша 655 жерлеу орны цифрландырылды. Оның ішінде Тұран ауданында – 482 орын, Еңбекші ауданында – 173 орын.
Бүгінде тұрғындар Jerleu.kz ресми сайты арқылы жерлеуге арналған онлайн өтінім беріп, қажетті қызметтерді электронды форматта ала алады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/mP9jccfb70g?si=stxI4OA3bx20rutd
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
