Қалада «Стоп-вейп!» акциясы өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Қалада «Стоп-вейп!» акциясы өтіп жатыр

3–5 қараша аралығында Шымкент қаласының барлық аудандарында прокуратураның ұйымдастыруымен «СТОП-ВЕЙП!» атты профилактикалық акция өтуде.

Шараның негізгі мақсаты – вейптердің заңсыз айналымына жол бермеу, тұрғындар арасында оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және вейптерді ерікті түрде, жауапкершіліксіз тапсыруға мүмкіндік жасау.

Акция барысында қала тұрғындары өз вейптерін келесі қабылдау пункттеріне өткізе алады: Shymkent Plaza, Самал және Алаш базарлары, Грамад, Фиркан, Shymkent City Mall, Rahima Plaza, Diamond Plaza, Баян сұлу және Юг Сити сауда орталықтары.

Бұл бастама азаматтардың денсаулығын қорғауға және жасөспірімдер арасында электронды темекіге қарсы күресті күшейтуге бағытталған.

Ономастика саласындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекет меншігіндегі нысандарға атау беру және қайта атау жұмыстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді.

Қалада бүгінде 3 865 көше бар. Оның 2 704-і тарихи жер-су және дәстүрлі атауларға ие болса, 988-і тұлғалардың есімдерімен аталады. Сонымен қатар, 226 көшенің атауы ескірген, 173 көшеге атау берілмеген, ал 44 көшенің атауы қайталанады.

Талдау нәтижесінде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды заманауи әрі тарихи әділеттілік тұрғысынан өзгерту, сондай-ақ атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру жұмыстары қолға алынған. 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 20 тұлғаның есімін беру ұсынылып, оның 10-на келісім алынған.

Биыл Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында 11 көше мен 1 аллеяға жаңа атау беріліп, 8 көше қайта аталады. Жаңа атаулардың 11-і — жер-су және дәстүрлі тарихи атаулар, 9-ы — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері.

Қазіргі таңда 465 көшеге қатысты 2026–2027 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылды.

Шымкент қаласында көше атауларын жаңарту – тарихи жадыны жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Қазақстан садақшылары әлем кубогында топ жарды

Қазақстан құрамасы садақ атудан өткен Әлем кубогында жалпыкомандалық есепте 2 900 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Бұл – еліміздің спорт тарихындағы айтулы жетістік.

Мажар нысанасы (90 м) бойынша командалық сында қазақстандық спортшылар алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар қатарында – Мақсат Әбдікерімов пен Жәнібек Құлмырзаев.

Пута нысанасы (70 м) бойынша жекелей сайыста Мақсат Әбдікерімов күміс, ал Жәнібек Құлмырзаев қола жүлдегер атанды. Сол нысана бойынша өткен командалық жарыста да біздің құрама күміс медаль еншіледі.

Жамбы нысанасы (30 м) бойынша ерлер арасында Мақсат Әбдікерімов тағы да күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы 32 елдің ішінен озып шығып, 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, Шымкент спортшыларының үлесі зор – Мақсат Әбдікерімов 2 күміс, Жәнібек Құлмырзаев 1 қола және командалық сында 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/mP9jccfb70g?si=stxI4OA3bx20rutd

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...