FIN IQ диктантында Түркістан қаласы үздік болды — Xnews — ақпарат агенттігі

FIN IQ диктантында Түркістан қаласы үздік болды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен республикалық FIN IQ диктантында Түркістан қаласы — І орын иегері атанды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігі қаржылық қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсене атсалысқаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Әкімдік қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамда экономикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында сала манандарының қатысуымен қаржылық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...