Түркістан облысының ардагерлері Жолдаудағы міндеттерді саралады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының ардагерлері Жолдаудағы міндеттерді саралады

Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Темірбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, жастар тәрбиесі және өңірге инвестиция тарту, партиялардың рөлін арттыру, алдағы Парламент сайлауына дайындық барысы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидасы бойынша кеңінен тоқталды.

Пленумға облыстық басқармаларының басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары да қатысты.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов өңірдің өркендетудегі басты бағыттардың бірі инвестиция тарту және бұл бағытта қазыналы қариялардың атқаратын рөлі маңызды екенін атап өтті.

— Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша Республикада көш бастап тұр. Бұл өңірді дамытуға мол серпін береді. Жұмыс орындары көбейеді, халықтың әлеуеті артады. Алайда шет елдік және отандық кәсіпкерлерге деген көзқарасты оңынан қалыптастыру маңызды шаруалардың бірі. Бұл бағытта қариялардың, ардагерлердің көпшілік ортада ақыл-кеңесі дұрыс болып, елдік пен бірлікке жол сілтесе, Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен Жолдаудағы міндеттерін насихаттауға қосқан мол үлесі деп білемін. “Қариясы бар елдің қазынасы бар” дегендей жалпы еліміздегі игі істерді дәріптеп, келешек ұрпаққа үлгі болатын ардегерлер әрқашан құрметке лайықты, — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Пленум барысында өзге де баяндамашылар сөз сөйлеп, Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді. Маңызды басқосу соңында ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.

Түркістан облыстық мәслихаты

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында ахуалдық орталыққа 800-ден астам бейнекамера қосылған

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың ...

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында ...