Түркістан: Бәйдібекте «Алтын күз – 2025» мерекесі тойланып, ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Бәйдібекте «Алтын күз – 2025» мерекесі тойланып, ауылдық округтерге арнайы техникалар табысталды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Алтын күз – береке мен ырыстың бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрлі мереке ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету және күзгі науқанның қорытындысын атап өту мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғыс білдірді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан еңбек озаттарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.

«Алтын күз – 2025» мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және елді мекендердің техникалық әлеуетін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне 11 трактор тіркемесі, 3 жүк тиегіш (погрузчик) және аудандық мәдениет үйіне 1 автокөлік (газель) табысталды. Бұл қадам – ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасын нығайтып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...