Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Ауқымды зияткерлік сайыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, қатысушы жастарға сәттілік тілеп, игі тілегін жеткізді.

Турнирге еліміздің 9 өңірінен – Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысуда. Олар пікірсайыс алаңында өзара білім мен шешендік шеберліктерін сарапқа салуда.

Жарыстың төрелік ету жұмыстарына Шымкент қаласындағы үш жоғары оқу орнынан іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар және пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылған. Жалпы саны 70-ке жуық кәсіби төреші пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.

Турнир барысында қаралатын қарарлар қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, технология, демократия, құқықтық мәдениет, білім беру жүйесі және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша пікір білдіріліп, түрлі көзқарастар талқылануда.

Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирі ертең қорытындыланып, жеңімпаздары анықталатын болады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...