Шымкентте Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы қаланған, егемен ел ретінде жаңа дәуірге қадам басқан айрықша дата. Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл мереке биыл да Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтілуде.

Атап айтқанда, мереке қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында салтанатты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігімен ұйымдастырылп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, көрермендерге облыстық филармонияның танымал әртістері мен би топтары ұлттық және заманауи өнерді тоғыстырған әсерлі қойылымдар тарту етті. Концерт бағдарламасы тәуелсіздік рухын асқақтатып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

Салтанатты кеш барысында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек құттықтау сөз сөйлеп, елдің даму жолындағы бірлік пен еңбекке тоқталды.

– Республика күні – мемлекеттігіміздің бастауы, ел болудың нышаны. Бұл мереке әр азаматтың жүрегінде отаншылдық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Осы тұста, елдің дамуына, ауданның өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір еңбек адамына алғыс білдіремін, – деді аудан басшысы.

Іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғам өміріне сүбелі үлес қосқан 15 сала үздігі — білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, коммуналдық және мәдениет салаларының қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

Марапат иелерінің бірі, «Үздік мұғалім» атанған Салтанат Сеңгірбаева:

– Бүгінгі марапат – тек менің емес, шәкірттерімнің еңбегінің нәтижесі. Ел ертеңі – білімді ұрпақ. Сондықтан бізге артылған сенімді ақтау – үлкен жауапкершілік. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіш рухты оятатын ерекше мереке, — деп атап өтті.

Салтанатты кеш патриоттық әндер мен би қойылымдарымен жалғасып, көрермендер мерекені көтеріңкі көңіл күймен атап өтті.

Республика күні – ел тарихындағы тағдырлы сәттерді еске түсіретін, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы жетістіктерді дәріптейтін, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын маңызды мереке. Бұл күн – елдік пен егемендіктің қадірін ұғындыратын ерекше тарихи белес.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...