Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қырық екі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттар мен коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты. Бұған қоса, қала жастарының қатысуымен еріктілер ұйымы да өз қызметін көрсетті.

Келушілер жетекші мамандардан тегін құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелерге нақты жауап алды.

«Халық заңгері» жобасы бүгінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтарды құқықтық қолдаудың сұранысқа ие және тиімді алаңына айналды. 2016 жылдан бастап республика көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл акция аясында азаматтарға білікті заңгерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары тегін кеңес береді.

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті:
«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады! Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр» – деді қала прокуроры.

Акция барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама салалары бойынша білікті заңгерлерден тегін кеңес алды.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтарын қорғау жолдары, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу тетіктері түсіндірілді. «Халық заңгері» республикалық акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматтың құқықтық сауатын арттыруға, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра бермек.

Анықтама: бұрын-соңды болмаған бірегей «Халық заңгері» акциясы 2016 жылы өткізіле бастады. Бұл идеяны еліміздің барлық заңгерлік қауымы қолдады. Акция қарапайым қазақстандықтардың көңілінен шығып, кейіннен сұранысқа ие болғаны сонша, ұйымдастырушылар оны жыл сайын үлкен қалалар мен өңірлерде өткізуді ұйғарды. 2020-2021 жылдары ғана акция мәжбүрлі үзіліс жасады. Ол кезде Қазақстанда, сонымен қатар бүкіл әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин шаралары енгізілді.

© «24kz» телеарнасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...