Шымкентте «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастырды.

Мерекеге Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.

«Бүгінгі мереке – халқымыздың бірлігін, этностар арасындағы татулық пен өзара құрметті айғақтайтын тағылымды шара. Қазақстан халқының мәдени байлығы мен тілдік алуандығы – біздің ең үлкен құндылығымыз. Республика күні қарсаңында осындай іс-шаралардың өтуі еліміздегі бірлік пен келісімнің айқын көрінісі», – деді Заңғарбек Үсіпахметов.

Бағдарлама барысында көрермендерге әзірбайжан халқының бай мәдениеті мен ұлттық өнерінен сыр шертетін би, ән және поэзиялық композициялар ұсынылды. Балалардың орындауындағы Абай Құнанбайұлының өлеңдері ерекше әсер қалдырды. Жексенбілік мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, грамоталармен марапатталды.

Сонымен қатар, қонақтар әйгілі әзірбайжан композиторларының туындыларын тыңдап, ұлттық билерді тамашалады. Мереке соңында қатысушыларға дәстүрлі әзірбайжан тағамдары ұсынылған дастархан жайылды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...