«Республика күні – тәуелсіз елдің темірқазығы» — Xnews — ақпарат агенттігі

«Республика күні – тәуелсіз елдің темірқазығы»

Қаладағы Жастар ресурстық орталығында «Республика күні – егемендіктің бастауы» тақырыбында концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада қаланың белсенді жастарына құрмет көрсетіліп, шоқтығы биік туындылар орындалды.

Мерекелік жиында жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, атаулы күннің мән-маңызын айтып берді. Жастар ресурстық орталығы тарапынан биыл Республика күнін кең көлемде атап өту жоспарланып отыр.

-Республика күніне орай 35 түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсат — мерекені кеңінен насихаттау, осы күннің маңыздылығын таныту. Олардың қатарында спорт сайыстары, білім, руханият саласы және тазалық іс-шаралары бар. Мінекей, бүгін алғашқы іс-шаралар басталды, — деді орталық басшысы.

Мерекелік басқосуда жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері жастар саясатын дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жиын одан әрі мерекелік концертке ұласты.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...