Жастар практикасы: Шымкентте мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 643 жас маманға жолдама берілді.

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады

Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарқынды жалғасып келеді. Биыл мегаполисте 2 251 маманды «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 643 жас маманға жолдама берілді.

Аталған бағдарламамен қатар биыл Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасыда жүзеге асырылып отыр. Осы бағытта 1 161 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде 346 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданған.

Бағдарламаларға қатысу үшін жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан мәлімет ала алады.

Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы бұл салада барлығы 33 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда деп хабарлаған.

Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 66,5% немесе 14,3 мың адамды, ал ауыл тұрғындарының үлесі – 12,7 мың адамды немесе 59,1%-ды құрайды.

Білім беру ұйымдарының үлесі – 35 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесіне қатысушылар бола алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді.

Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 118 мың теңгені құрайды.

Жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: жалпы білім беретін мектеп мұғалімі – 5863 адам, мектепке дейінгі тәрбиеші – 807 адам, медицина қызметкерлері – 2005 адам, бағдарламашы – 1094 адам, заңгер – 784 адам, фельдшер – 766 адам.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...